Жаңалықтар

Ресейлік «Татнефть» компаниясына қатысы бар құрылым қазақстандық мұнай өңдеу зауытының акцияларын сатып алмақ

«Конденсат» мұнай өңдеу зауытының акционерлеріне ұсыныс жолданды / Фото: «Конденсат»

«Бірінші шина компаниясы» ЖШС «Конденсат» мұнай өңдеу зауытының акционерлеріне әр акциясын 1 283,44 теңгеден сатып алу турлы ұсыныс жасады.

Заң бойынша АҚ акцияларының 30%-ы және одан да көп үлесінің иесі қалған акционерлерге өз акцияларын сатып алған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде сату туралы ұсыныс жіберуге міндетті. Ұсыныс 2024 жылдың 30 шілдесінде жарияланды.

«Бірінші шина компаниясы» ЖШС 2022 жылдың аяғында тіркелген. Ол көтерме саудада тауарлар сату қызметін ұсынады. «Конденсат» акционерлерінің бірі ретінде 2024 жылдың басында тіркеліп, акциялардың 29,99%-ын сатып алды. «Курсивтің» есептеулері бойынша кейін ондағы үлесін 45%-ға дейін артты.

Ақсай қаласында (Батыс Қазақстан облысы) орналасқан «Конденсат» мұнай өңдеу зауыты 2018 жылға қарай Қазақстан Даму Банкінің (ҚДБ) қаражаты есебінен өндірісті кеңейтіп, жаңартты.

Қазір мұнай өңдеу зауытының қарызы да жетерлік. Мәселен, 2024 жылдың 29 ақпанындағы жағдай бойынша «Конденсаттың» ҚДБ алдындағы борышы 62,6 млн доллар және 20,6 млрд теңгені құрады.

Модернизациядан кейін «Конденсат» К5 экологиялық санатындағы бензин мен дизель отынын шығарды.

«Компанияның шығынға ұшырауының негізгі себебі дайын өнім өндіруге арналған шикі мұнай тапшылығы болды», – делінген «Конденсат» компаниясының 2021 жылғы арналған есебінде.

2024 жылы жағдай кенеттен өзгере бастады: «Конденсат» ресейлік «Татнефть» компаниясынан өңдеу шарттарымен шикізат қабылдай бастады және өндірілген бензинді экспорттауға квота алды. Осыдан соң нарық қатысушылары ресейлік компанияның «Конденсатты» сатып алуы ықтимал екенін талқылай бастады.

«Бірінші шина компаниясы» ЖШС және Mining Development company Ltd. мекенжайы бойынша тіркелген және сол мекенжайға «Конденсат» акцияларын сатуға жазбаша келісімді жіберу ұсынылады. ЖШС басшысы Самат Жантасов. Ол сонымен қатар Mining Development company Ltd директоры болып табылады.

Ал «Конденсаттың» басшысы бұрын Валерий Джунусов болса, қазір Linkedin-тегі профиліне қарағанда Дзинтарс Пузакс. Бұған дейін ол «Татнефть» компаниясында жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, «Татнефть» ЖАҚ қазақстандық Karaton Operating Ltd жеке компаниясының 50% акциясын сатып алу туралы шартқа қол қойған еді.