«A’Studio» тобының әндері желісімен түсірілген «Стоп ночь» мюзиклі көрерменге жол тартады

Жарияланды 1 Тамыз 2024 16:10

(жаңартылды 28 Тамыз 2024 12:14)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Стоп ночь» мюзиклі көрерменге жол тартады / «Стоп ночь» фильмінің постері

2024 жылдың 5 қыркүйегінде A’Studio тобының әндері желісімен түсірілген «Стоп, ночь!» толықметрлі киномюзиклі шығады.

Фильм өз арманына адал жас музыкант Бейбіттің басынан кешкен оқиғалар туралы. Бас кейіпкер алғаш әке атанған Бейбіт шығармашылық пен отбасылық өмірді бірдей ұстауға тырысады.

Кинотуындыда «A’Studio» тобының 17 әні ұсынылған. Тыңдармандардың сүйікті әндеріне айналған «Стоп, ночь!», «Солдат любви», «Грешная страсть», «Тик-так», «Еще люблю» және «Джулия» сияқты әндерімен қатар басқа әндер бар. Сондай-ақ «A’Studio» тобының негізін қалаушы, продюсер Байғали Серкебаевтың жаңа өңдеуімен шыққан әндері орындалады.

«Қазақстан кинематография тарихында музыкалық туындылар көп емес. Алғашқы мюзикл режиссер Шәкен Аймановтың 1958 жылы жарық көрген «Біздің сүйікті дәрігер» туындысы. Онда басты рөлді менің әкем Ермек Серкебаев сомдаған. Мюзиклдің композиторы Александр Зацепин. Менің әкемнің орындауындағы «Надо мной небо синее» әні сол кезде миллиондаған көрерменннің жүрегінен орын алған. Араға жарты ғасыр уақыт салып, 2024 жылдың 5 қыркүйегінде «Стоп, ночь» фильмінің тұсаукесері өтеді. Осы туындымыз Қазақстандағы киномюзикльдер дәстүрін жалғастыратынына сенемін», – деді Байғали Серкебаев.

Айта кетейік, «Стоп, ночь!» фильмін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Medeor» ЖШС түсірді.

Сондай-ақ оқыңыз