«Ойжұмбақ 2» тарихтағы үздік он фильмнің қатарына енді

Жарияланды 2 Тамыз 2024 11:16

(жаңартылды 2 Тамыз 2024 11:46)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
«Ойжұмбақ 2» тарихтағы үздік он фильмнің қатарына енді / Фото: imdb.com, бильд-редактор Артур Алескеров

«Ойжұмбақ 2» мультфильмі (Inside out 2) әлемдік нарықтағы кассалық рекордтарды тағы да жаңартты. Мультфильм тарихта ең көп қаралған үздік он фильмнің қатарына енді.

«Головоломка 2»
Фото: imdb.com, бильд-редактор Артур Алескеров

Мультфильмнің әлемдік кассасы 1,524 млрд долларға жақындап қалды. Осыған дейінгі «Форсаж» (1,515 млрд доллар жинаған) және «Кек алушылар» (1,521 млрд доллар) фильмдерін басып озды.

Фото: imdb.com, бильд-редактор Артур Алескеров

Мультфильм ең көп қаралған 10 елдің қатарына: Мексика, Бразилия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Франция, Италия, Қытай, Германия, Испания және Аустралия кірді. Алда әлі Жапония нарығы бар. Бұл елде мультфильм 1 тамызда бастап прокатқа шыққан.

Америкалық Disney компаниясының «Ойжұмбақ – 2» мультфильмінің қазақ тіліне аударылған нұсқасы 125 млн теңге касса жинады.

«Ойжұмбақ» мультфильмі бастапқы қаралым бойынша үздік нәтиже көрсеткен еді. Мәдениет министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде «Ойжұмбақтың» алғашқы күнгі қаралымы «Аватардан» үш есе асып түскенін хабарлады. Алғашқы прокат құны да рекордтық көрсеткішке жеткен. Касса 1 күнде 10 миллион теңге жинады.

Биыл қазақ тіліндегі дубляжды Disney компаниясы қолдаған. «Ойжұмбақ» кейіпкерлерін әнші Жұлдыз Төлепберген мен Ninety One тобының солистері Батырхан Мәлік пен Азамат Ашмақын қазақша «сөйлетті».  Екі жыл бұрын Pixar студиясы 13 жасар қыздың бой жетуі туралы «Бой жету» (Turning Red) мультфильмін түсірген еді. Енді студия көрермен назарына сол кинокартинаның жалғасы ретінде «Ойжұмбақ 2» мультфильмін ұсынған.  

Сондай-ақ оқыңыз