3 тамыз күні Париж Олимпиадасының басталғанына бір апта болды. Ұлттық олимпиада комитеті, бүгін, 3 тамызға арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынды. Қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сайысқа шығады.
Бокстан шаршы алаңға 50 кг салмақта Назым Қызайбай шығады. Сондай-ақ қазақстандық дзюдошылар командалық бәсекеде бай сынайды.
Ескерту: жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген.
Дзюдо
Қазақстан дзюдо командасы топтық бәсекеде бақ сынайды. 11:00 басталып, 19:00 финал болуы тиіс.
Стенд ату
Екінші квалификация. Эдуард Ещенко. Бірінші квалификация. Әсем Орынбай. Сағат: 12:00.
Тасжолдағы велоспорт
Ерлер арасында топтық жарыс, финал. Алексей Луценко, Евгений Федоров. Сағат: 14:00.
Бокс
Әйелдер 50 кг. 1/4 финала. Назым Қызайбай. Сағат: 19:50.
Спорттық гимнастика
Ерлер еркін жаттығу. Финал. Милад Карими. Сағат: 18:30.
Ат үстіндегі жаттығу. Финал. Нариман Құрбанов. Сағат: 20:16.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Париж Олимпиадасындағы бокс төрешілеріне қатысты шағым түсірді. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жекпе-жегінің нәтижесіне шағымданған.