Жаңалықтар

«Қашаған» кен орнында жөндеу жұмыстары жүргізіледі: мұнай өндірісі тоқтатыла ма?

«Қашаған» кен орнында жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі? / Фото: shutterstock

«Қашаған» кен орнында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумы хабарлады.

NCOC Атыраудағы кеңсесінде Консорциум өкілдері NCOC басқарушы директоры Джанкарло Руюмен кездесті.

«Тараптар «Қашаған» кен орнынан жүк жөнелтушілердің мұнайды кен орнындағы алдағы жөндеу жұмыстары аясында және оны жүзеге асыру барысында жеткізу, сондай-ақ өтінімдерге сәйкес ағымдағы және болашақтағы мұнай жеткізілімдерін жүзеге асыру мәселелерін талқылады», – деп хабарлады КҚК.

«Қашағанда» жөндеу жұмыстары қазан-қараша айларына жоспарланған. Бұл ретте Атырауға Каспий құбыр консорциумының делегациясы мұнай жеткізу мәселесін талқылау үшін келді.

«Сондай-ақ Қазақстанның энергетикалық ресурстарын КҚК мұнай құбыры арқылы экспорттық нарықтарға тасымалдау мәселелерін, әлемдік мұнай жеткізу жүйесіндегі Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының маңыздылығын талқылады», – деп хабарлады компания.

Еске сала кетсек, биылғы жылғы сәуірде Каспий Құбыр Консорциумы Новороссийскіге мұнай тиеуді уақытша тоқтатты. Корцорциум мұнай жөнелту жылына екі рет 72 сағатқа тоқтайтынын атап өтті.

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалындағы 72 сағаттық жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталған соң, Новороссийскіге қайтадан мұнай жөнелте бастады