Париж Олимпиадасында 40-тан астам спортшыдан COVID-19 анықталды

Жарияланды 6 Тамыз 2024 17:25

(жаңартылды 6 Тамыз 2024 17:53)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Париж Олимпиадасында 40-тан астам спортшыдан COVID-19 анықталды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Париж Олимпиадасында 40-тан астам спортшы COVID-19 жұқтырды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мария фон Керков хабарлады.

ДДҰ мәліметінше, соңғы бірнеше айда әлемнің көптеген елінде COVID-19 өсуі байқалды.

Бұған дейін Аустралия судобы құрамасының 5 спортшысынан COVID-19 анықталған. Сондай-ақ вирус жүзуден британдық әлем чемпионы Адам Питиден, аустралиялық жүзуші Лани Паллистерден табылды. Айта кетейік, Олимпиада басталғанға дейін Франция билігі елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі, 5 тамыз күні бірқатар Олимпиада ойыншылары ішек инфекциясын жұқтырған. Швейцариялық триатлоншылар Адриен Бриффод пен Симон Вестерманн ішек инфекциясына байланысты эстафетадан шығып қалды. Сондай-ақ Бельгия құрамасы да аралас эстафеталық триатлонға қатысудан бас тартты. Бельгия триатлоншыларының бірі Клэр Мишель ішек инфекциясын жұқтырып алғаннан кейін жарыстан шығатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз