Жаңалықтар

KASE индексі мен теңге бағамы нығайды – Freedom Broker

KASE-дегі ең үлкен өсім Kaspi-де тіркелді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

KASE индексі 1,6%-ға өсіп, маусым айының соңындағы мәндерге дейін қалпына келді. Бұл туралы Freedom Broker сарапшылары күнделікті шолуында жазды.

«Индекс акцияларының ішінде ең үлкен өсім Kaspi-де тіркелді. Баға белгілеулері KASE-де 5,2%-ға, АҚШ-та 2,1%-ға қымбаттады. Бағалы қағаздар арасында әлі де 8,9% айтарлықтай айырмашылық бар. Жаһандық депозитарлық қолхаттар арасында ең көп өсім «Қазатомөнеркәсіпке» тиесілі болды, Акциялар бағасы 3,7%-ға өсті», – деп жазылған шолуда.

Бұл ретте теңге 7 тамыз таңғы саудада бір доллар үшін 474,6-ға дейін нығайды. Айта кетерлік жайт, ұлттық валюта бағамы әлемдік нарықта доллардың әлсірегеніне қарамастан құнсыздана түскен еді.

«Енді АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларының кірістілігі мен АҚШ валютасының өсуіне байланысты теңге қатысты қайтадан нығая түсті. Бұл USDKZT жұбындағы теңгенің соңғы жаңалықтарға қатысты құбылғанын меңзейді», – деп жазылған шолуда.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 5 тамызда Ыстанбұл қор биржасының негізгі индексі 7%-ға құлдырады. Кейін биржа сауда-саттықты уақытша тоқтатты. Бұған дейін Токио биржасының негізі индексі 12,4%-ға төмендеп кеткен. Бұл ретте Freedom Finance Global талдаушысы Аңсар Абуев халықаралық биржасында болған жағдай Қазақстан нарығына да әсер ететінін айтқан.