2022 жылғы 25 наурызда ҚР тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде «B…B…K» тауар белгісі тіркелген.
Hugo Boss AG неміс компаниясы Әділет министрлігінің апелляциялық кеңесіне қарсылық білдірді. Апелляциялық кеңестің шешімімен келіспеген НВА құқықтарын қалпына келтіру үшін Астанадағы әкімшілік сотқа жүгінді.
Апелляциялық кеңес компания өтініші бойынша «B…B…K» тауар белгісін тіркеуден алып тастаудан бас тартқан.
Сотта талапкер халықаралық тіркеуі бар 9 «BOSS» тауар белгісінің құқық иесі екенін көрсете отырып, кеңес шешімінің күшін жоюды және тауар белгісін тіркеуді жарамсыз деп тануды сұрады.
Іске зияткерлік меншік мәселелері бойынша маманданған ЖШС-нің маманы тартылды. Ол тауар таңбаларының сәйкестігі мен ұқсастығын анықтау бойынша жазбаша қорытынды берді. Маман даулы тауар белгісін талапкердің тауар белгілерімен араластыру дәрежесіне дейін ұқсастықтың бар екенін нақтылады.
Маманның қорытындысын сот сенімді және рұқсат етілген дәлел ретінде қабылдап, талап қою қанағаттандырылды. Сот апелляциялық кеңестің шешімін заңсыз деп таныды. «B…B…K» тауар таңбасын тіркеу жарамсыз болып есептелінді.
Талапкердің зияткерлік меншік объектілеріне құқықтары қалпына келтірілді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.