Алматының туристік саласына салынған инвестициялар 2,5 есеге ұлғайып, 45,2 млрд теңгеге жетті

Жарияланды 14 Тамыз 2024 17:21

(жаңартылды 14 Тамыз 2024 18:18)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Инвестиции в основной капитал в Алматы составили 6% от общего объема
Алматының туристік саласына салынған инвестициялар 2,5 есеге ұлғайып, 45,2 млрд теңгеге жетті / фото: Алматы қаласының әкімдігі

2024 жылдың алғашқы алты айында Алматының туристік саласына салынған инвестициялар 2,5 есеге ұлғайып, 45,2 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, туризмнен түсетін салық түсімдері де екі есеге артып, бірінші тоқсанда 21,7 млрд теңгені құрады, бұл жергілікті бюджеттің барлық салық кірістерінің 5,2%-ын құрайды

2024 жылдың бірінші тоқсанында қалаға келген туристер саны 4,6%-ға өсіп, 473,3 мың адамға жетті. Шетелдік туристер 122,8 мың болды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4% -ға көп).

Туристік сектордың өсуі халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға ықпал етеді. Осылайша, еңбекке қабілетті халықтың жалпы санынан туризм саласының қызметкерлері 7,4%-ды құрады және олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 2,6% – ға өсті.

Айта кетейік, жақында Алматыда Халықаралық әуежайдың жаңа терминалы ашылды, бұл жолаушылар легін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Соңғы бес жылда қалада 14 жаңа қонақүй салынды, олардың ішінде Hilton, Accor және InterContinental халықаралық желілерінің қонақүйлері бар.

Еске сала кетсек, 2023 жылғы деректер бойынша туристік сектор Алматы бюджетіне 71,7 млрд теңгеден астам салық түсімдерін әкелді.

Барлық негізгі көрсеткіштер рекордтық сандарға жетті:

Туристер саны 2 млн адамға дейін,

Қонақүйлер мен жатақханалар көрсеткен қызметтер көлемі – 74 млрд теңгеге дейін,

Туристік агенттіктер мен операторлардың пайдасы – 8,7 млрд теңгеге дейін өсті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы Алматыға 2 038 417 турист келген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12,6%-ға және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден 52,7%-ға артық. Ал шетелден келетін туристер саны 2022 жылмен салыстырғанда 29,5%-ға артты. Осылайша Алматы туризм бойынша елдегі көшбасшы қала болып отыр.  

Сондай-ақ оқыңыз