«Ары-бері»: әлемнің әр түкпіріне саяхаттауға жәрдемдесетін қазақша гид пайда болды

Жарияланды 15 Тамыз 2024 16:44

(жаңартылды 15 Тамыз 2024 18:05)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Әлемнің түкпір-түкпірін аралауға жәрдемдесетін «Ары-бері» қазақтілді жолсілтемесі (гид) пайда болды. Бұл негізі Ресейде қаланған Aviasales қосымшасының қазақтілді жолсілтемесі.

Aviasales ұсынып отырған қазақ тіліндегі «Ары-бері» жолсілтемесі саяхатшыларға кез-келген қаланы бір минут ішінде аралап, сапарға жақсы дайындалуға көмектеседі. Онда қазақстандық туристер арасында ең танымал бағыттарды қамтиды, алдағы уақытта кеңи түспек.

Қосымша арқылы әлемнің әр түкпіріндегі туристік орындарға қатысты арнайы топтамалар, кеңестер мен лайфхактар туралы, қайда қонып, қайда бару керек және әлеуметтік желіге арналған суретке қайда түсу керек екенін көрсетеді.

«Қазақстандық саяхатшылардың қалауларын мұқият зерттеп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген гидтерді, фотографтар мен тревел-сарапшыларды қазақстандықтарға өз қалалары туралы айтуға шақырдық. Екі тілде алғашқы нұсқаулық жасау маңызды қадам болды. Енді сапардағы қызықты орындардың тізімін жасауға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. «Ары-беріде» қазірдің өзінде 40 танымал бағыт бар, олардың саны ай сайын толықтырылып отырады», – деді компанияның аймақтық менеджері Альбина Қанатқызы.

Қосымша қалалардың картасымен толықтырылғандықтан, «Аудандар» бөлімінен қаланың географиясын түсінуге болады. Мысалы, Ыстанбұлдың бөлімдері «Туристер», «Мәдениеттер», «Таңдаулы», «Көпшілік пен қозғалыс» және «Хипстерлер» деп аталады.

«Ары-бері» қосымша жүйесін Аviasales сайтында және мобильді қосымшада қарауға болады.

Сондай-ақ оқыңыз