Баян мен Тұрсынғали Алагөзовтер араға 15 күн салып тағы сәбилі болды

Жарияланды 19 Тамыз 2024 15:57

(жаңартылды 19 Тамыз 2024 18:15)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Баян мен Тұрсын Алагөзовтер тағы да қызды болды / фото: bayanmaxatkyzy парақшасынан

Танымал продюссер Баян Алагөзова мен оның жұбайы Тұрсынғали Алагөзовтің екінші сәби дүние есігін ашты. 15 күн бұрын Алиса есімді қыздары өмірге келгенін хабарлаған продюссер тағы да кішкентайлы болғанын айтып, Instagram парақшасында жариялады.

Біз сені сегіз жыл және Алисадан кейін тағы он бес күн күттік, қызымыз Алагузова Алма Тұрсынғалиқызы дүниеге келді деп жазды Баян.

Еске сала кетейік, бұған дейін 4 тамыз күні Алагөзовтер отбасында Алиса есімді қыз дүниеге келген еді.

«Біз сені ұзақ күттік. Біздің үш келілік бақытымыз. Біздің қызымыз дүниеге келді. Алагөзова… Турсынгалиевна», – деп қуанышымен бөліскен еді.

Сондай-ақ оқыңыз