Көлсай, Алтын-Емел мен Бозжыра: Димаш Құдайберген жаңа бейнебаян түсірді

Жарияланды 20 Тамыз 2024 16:13

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Димаш
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаян түсірді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаянынан Қазақстанның туристік аймақтарын көруге болады. Бейнебаянды Туризм және спорт министрлігі мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы қолдаған. 

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Бейнебаянда Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан қорық-музейі, Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы, Бурабай, Қатонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық парктерінің керемет көріністері көрсетіледі.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

«Жоба Қазақстанның бірегей сұлулығына назар аудартып қана қоймай, көрермендерге өнер туындысы арқылы елімізді жаңа қырынан көрсетуге жол ашады. Бейнебаян арқылы көрермендер Қазақстанды мәдени мұрасы бай, қайталанбас табиғаты бар ерекше мекен ретінде таниды деп үміттенеміз», – дейді туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бейнебаянның басты мақсаты Димаштың жанкүйерлерін Қазақстанның табиғи және мәдени мұрасымен таныстыру болып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Астандағы концертіне билеттер сатылымға шыққаны туралы жазған едік. 13 қыркүйек күні өтетін концертке барлық билет сатылып кеткеніне байланысты, әлемге әйгілі әнші келесі күні тағы концерт беретінін хабарлады.  

Жақында Димаш Құдайберген Қазақ туризмінің амбассадоры ретінде Маңғыстаудың тарихи-мәдени жерлерін аралап шыққан. Киелі өңірдің руханияты, мәдениеті мен туризмін көрсететін деңгейі бөлек туынды әзірлеуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз