Қырғыз банктері ресейлік «Сбербанк» арқылы ақша аударымдарын тоқтатты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Бұған дейін қырғызстандық MBank «Сбербанк» арқылы ақша аударуды тоқтатқан / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қырғыз Республикасындағы «Айыл» және «Компаньон» банктері ресейлік «Сбербанк» арқылы ақша аударымдарын тоқтатты.

«22 тамыздан бастап «Сбер» қосымшасынан «Айыл Банк» ААҚ клиенттерінің карталары мен шоттарына ақша аудару белгісіз мерзімге тоқтатылды», – деп хабарлады қаржы институты.

Осыған ұқсас хабарламаны тағы бір банк таратты.

«Компаньон» банкі 2024 жылдың 22 тамызынан бастап ресейлік банктер «Сбербанк» АҚ және «ТБанк» АҚ арқылы аударымдар уақытша тоқтатылғанын хабарлайды», – деп жазылған ақпаратта.

Бұл ретте «Золотая корона» , AstraSend және «Юнистрим» жүйелері арқылы аударымдар әдеттегідей жұмыс істеп тұр.

Бұған дейін қырғызстандық MBank ресейлік «Сбербанк», «ТБанк» (бұрынғы Тинькофф банк) және МТС банк арқылы ақша аударуды тоқтатқанын хабарлаған.

Кейінірек жергілікті «Керемет банк» «Сбербанк», МТС Банк, «ТБанк» және «Мир» ұлттық төлем жүйесінің операторы – «НСПК» АҚ мобильді қосымшалары арқылы ақша аударуды белгісіз мерзімге шектеді.

Сондай-ақ оқыңыз