Танымал футболшы Криштиану Роналду өзінің YouTube арнасын ашып, бір сағаттың ішінде YouTube алтын батырмасын алып рекорд орнатты. Оның UR Cristiano арнасы 1 миллион оқырманды 1 сағатта жинады. Сауд Арабиясының Аль-Наср футбол клубының және Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы қазір жаңа YouTube жұлдызына айналып, оқырмандарының саны қарқынды өсіп, қазірдің өзінде 19 миллионнан асты.
Айта кетейік, YouTube платформасында арна авторлары бейнероликтің әрбір мың қаралымы үшін 2 доллардан 12 долларға дейін табыс таба алады. Бұл 1 миллион қаралым үшін 1200 доллардан 6000 долларға дейін табыс табуға болады деген сөз.
Роналдуның соңғы видеосы 13 миллионнан астам қаралым жинады. Яғни ол небәрі 20 сағаттың ішінде жарияланған бейнероликтен шамамен 82 860 000 доллар табыс тауып үлгерді.
Роналду өз арнасында 11 бейне жариялады. Роликтердің бірінде ол әртүрлі спорт түрлері мен жұлдыздардың бірін таңдайды. Сондай-ақ футболшы өзінің әйелі Джорджина Родригеспен бір-бірін қаншалықты жақсы білетіндігі туралы бейне түсірді.
Айта кетейік, Роналду Instagram әлеуметтік желісінде оқырманы ең көп адам. Instagram-да оның 600 миллионнан астам оқырманы бар. Сондай-ақ 39 жастағы Роналду – «Алтын доптың» бес дүркін иегері, Чемпиондар Лигасының бес дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Ұлттар Лигасының жеңімпазы. 2022 жылдың желтоқсанында ол Сауд Арабиясының «Әл-Насрымен» келісімшартқа отырды.