Жаңалықтар

«Бипэк Авто – Азия Авто» Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласын рейдерлік жолмен басып алды деп айыптап отыр – БАҚ

фото kursiv.media

«Бипэк Авто – Азия Авто» холдингінің заңгерлер тобының үйлестірушілері Informburo порталына компанияны рейдерлік басып алуға ұшырағанын мәлімдеді. 

Заңгерлер оқиға 2021 жылы директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин мен Азамат Қапеновтің кездесуінен басталғанын айтты.

Балушкинге 2021 жылдың тамызында халықаралық іздеу жарияланды. Қазір Өскеменде Балушкин мен  «Азия Авто» АҚ бас директоры Ерік Сағымбаевке қатысты сырттай сот отырысы жүргізілуде.

Қазақстанның экс-Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Қапенов тамыздың басынан бері іздеу салынды. Қапенов алаяқтық жасады деп айыпталып отыр.  

«Қапенов Балушкинге қылмыстық қудалауды тоқтатуға және компанияның қарыздық міндеттемелерін реттеуге көмектесуді ұсынды. Ауызша келісімдер бойынша Балушкин бұл акцияларды символикалық сомаға Қапеновпен үлестес тұлғаларға берген», – делінген компания хабарламасында. 

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтер бойынша акцияларды сатып алушылар EuroTransGroup компаниялар тобының түпкілікті бенефициары болған Қапеновпен аффилиирленген тұлғалар болуы керек.

«Сол кездегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы міндетін атқарушының бұйрығымен компания басшылығынан сегіз адам қамауға алынды. Бұл рейдерлерге тәркіленген ЖШС-ның қызметі мен мүлкіне толық бақылау орнатуға мүмкіндік берді, ал Қапеновтің сенімді өкілдері тәркіленген компаниялар арқылы активтерді қайтарып алудың алаяқтық схемаларын жүзеге асыра бастады», – деп шағымданды «Бипэк Авто – Азия Авто». 

Компанияның мәліметінше, 2022 жылдың қазан айында «PSP Plus» ЖШС директоры ауысып, кейін «рейдерлер жалған еңбек келісімшарттарының схемасын пайдаланған». Осы ЖШС кәсіпорынға қатысы жоқ жұмыскерлермен 40 еңбек шартын жасасқан. Оның үстіне жалақыны айына 2 миллион теңгеге дейін өсірген. Осыдан кейін ЖШС-ның қарызы күрт көбейіп, ол компанияның мүлкін тәркілеуге және оны қайтарып алуға жұмсалды. «Бипэк Авто» осылайша 29 миллион теңгені жылыстатқанын есептеді. Жалған қарызды құру схемасы «Кросс С» ЖШС-нда да қолданылған. 

«Бипэк Авто Қазақстанның» негізін 1992 жылы кәсіпкер Анатолий Балушкин қалаған. Кейіннен компания «БИПЭК Авто – Азия Авто» холдингіне айналды.

2020 жылы компания қиындықтарға тап болды. Индустрия министрлігі компаниямен келісімшартты бұзып, 174 миллиард теңгені қайтаруды талап еткен.