Lifestyle

«Енді бірге жұмыс істемейміз»: теннисші Елена Рыбакина жеке бапкерімен жұмысын тоқтатты

Елена Рыбакина жеке бапкері Вуковпен жұмысын тоқтатты / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жеке бапкері Стефано Вуковпен келісімшарты тоқтатылғанын хабарлады. Бұл туралы теннисші өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Стефано екеуміз бес жыл бойы бірге жұмыс істедік. Енді ары қарай бірге жұмыс істемейміз. Мен оған корттағы жұмысы үшін алғыс айтамын және сәттілік тілеймін. Қолдауларыңыз үшін рахмет», – деп жазды Рыбакина.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарынан бас тартқаннан кейін Елена Рыбакина 15 тамызда америкалық Цинциннатиде өткен WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчында канадалық Лейла Фернандеске ұтылды. Ендігі кезекте Рыбакина 26 тамыз күні Нью-Йоркте US Open турниріне қатыспақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина Олимпиада ойындарына қатыса алмағаны үшін қазақстандықтардан кешірім сұраған еді.