Жанқош Тұраровтың үстінен арыз түсірген Қалдыбек Құрманәлінің қызы 8 жылға сотталуы мүмкін

Жарияланды 26 Тамыз 2024 17:30

(жаңартылды 26 Тамыз 2024 18:04)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Жанқош Тұраровтың үстінен арыз түсірген Әнару Құрманәлі / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Жанқош Тұраровтың үстінен арыз түсірген Қалдыбек Құрманәлінің қызы 8 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы боксшының адвокаты Самат Мамутов журналистермен болған кездесуде айтты.

«Егер Әнару Құрманәлінің арызында көрсетілген жайттар дәлелденбесе, онда ол көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылдан 8 жылға дейін сотталуы мүмкін», – деді Мамутов.

Адвокаттың айтуынша, Әнару Құрманәлі арыз жазған кезде масаң болған

«Сол жерде басқа адамдармен жанжалдасып төбелесіп, жартылай жалаңаштанып өзін беймарал мінез-құлқын көрсеткен. Осыған қатысты полицияға сұраныс жіберілді. Осы ақпараттарды тексеріп, полиция аумағындағы бейнебақылау камераларынан бейнені алып, іске тіркеп, тексеру жүргізуге, оған құқықтық баға беріп, жаза беру жөнінде біз тергеушіге өтініш жібердік. Әнару Құрманәлінің өз қылықтарына жауап бермейтін теріс қылықтары интернет желісінде тарап жүр. Бұл деректер бойынша тексеру жүргізу туралы тағы да өтініш берілген. Деректер расталса, арызданушыға іс бойынша сот-психологиялық және наркологиялық сараптама жүргізуге өтініш білдіреміз. Бізге психотропты заттарды қолданады деген ақпарат түсіп жатыр», – дейді Мамутов.

Айта кетейік, журналистермен кездесуге Жанқош Тұраровтың өзі келген жоқ. Баспасөз мәслихатына боксшының неге келмегінін адвокаты түсіндірді:

«Жанқош Тұраров кәсіби бокста жеңіліс көрмеген боксшы. Қазір ол күнделікті жаттығып, жақында болатын жекпе-жекке дайындалып жатыр. Осыған байланысты Жанқоштың сұрауы бойынша мен сіздермен тілдесіп, сұрақтарыңызға жауап беремін», –  деді Мамутов

Еске салсақ, бұған дейін боксшының қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған еді. Полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 33 жастағы Жанқош Тұраров үйленген 3 баланың әкесі. Кәсіпқой боксшы 2023 жылдың 21 наурызынан бастап — бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы. 

Сондай-ақ оқыңыз