Алматы-Мәдина: Қазақстаннан Сауд Арабиясына жаңа рейстер ашылады

Жарияланды 27 Тамыз 2024 13:04

(жаңартылды 27 Тамыз 2024 14:49)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Алматы-Мәдина: Қазақстаннан Сауд Арабиясына жаңа рейстер ашылады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Air Astana әуе компаниясы Қазақстаннан Сауд Арабиясына жаңа рейстер ашады. Алматы-Медина, Шымкент-Мәдина, Шымкент-Жидда рейстері қазан айында іске қосылады.

«28 қазаннан бастап Шымкент-Жидда бір жиілігі аптасына 1 рет орындалатын Шымкент-Мәдина бағытына ауыстырылады. Сондай-ақ 29 қазаннан бастап Алматы-Мәдина бағытында аптасына 2 рет тікелей рейс іске қосылады», – делінген компания хабарламасында.

Рейстер бизнес-кластағы 16 орын мен эконом-кластағы 150 орын бар Airbus A321LR әуе кемесімен орындалады.

Ұшу ұзақтығы: Шымкент-Жидда және Шымкент-Мәдина рейстерінің ұшу ұзақтығы – 5 сағат 35 минут, Алматы-Мәдина – 6 сағат 10 минут.

Құны: Шымкент-Жидда бағыты бойынша екі бағытқа билет құны – 301 208 теңгеден басталса, Алматы-Мәдина – 336 882 теңгеден, Шымкент-Мәдина – 308 050 теңгеден басталады.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары Сауд Арабиясына сапар алдында электрондық виза алуы қажет.

Мәдина – мұсылмандардың Меккеден кейінгі екінші қасиетті қаласы. Пайғамбар мешіті ислам дінінің Меккедегі әл-Харам мешітінен кейінгі екінші киелі орны. 

Жидда – Сауд Арабиясындағы көлемі жағынан екінші қала және елдің «экономикалық астанасы». Жиддадан Мекке қаласына жүрдек пойызбен бір сағатта жетуге болады.

Айта кетейік, Air Astana әуе компаниясы 2026 жылға қарай Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Компания 2025 жылға дейін Boeing ұшағына тапсырыс беріп қойған, тапсырыс уақытында келсе, Америкаға тікелей рейс те ертерек ашылатын болады. 

Сондай-ақ оқыңыз