KASE-де ұлттық валюта бағамы 0,6%-ға нығайып, 1 долларға 480 теңгені құрады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы дүйсенбі, 26 тамызбен салыстырғанда 0,6%-ға (3,06 теңгеге) нығайып, 480,59 теңгені құрады.
Дүйсенбі, 26 тамыз күні орташа сараланған бағам 1 долларға 483,65 теңге болған.
Шетел валюталарымен сауда-саттық аясында Астана уақыты бойынша 17:00-де теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы 1 долларға 480,52 болды.
Ең төменгі бағам 479,9, ең жоғарғы бағам – 481,7, сауда соңындағы көрсеткіш – 480,69 теңге.
KASE мәліметінше, 27 тамыз АҚШ доллары бойынша сауда-саттық көлемі соңғы сессияның қорытындысы бойынша 208,299 млн долларды құрады. Транзакциялар саны – 578. Апта басында көрсеткіш 235,645 млн доллар болған.
28 тамыздағы жағдай бойынша теңгенің шетел валютасына қатысты бағамы: 1 ресей рублі – 5,24 теңге, 1 юань – 67,59 теңге, 1 еуро – 536,68 теңге.
Еске сала кетсек, 12 маусымда Мәскеу биржасы мен оның құрамындағы Ұлттық клиринг орталығы АҚШ-тың санкциясымен бұғатталған еді. Содан кейін рубль бағамы құлдырады. Кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы да құнсыздана бастады.