
2 қыркүйектен бастап Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларындағы кезекші және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары өзгереді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбі – жұма аралығында 20:00-ге дейін, сенбіде 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында, сенбі күні 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Арнайы ХҚКО-ларға жүргізілген жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша бюджетке түсетін түсімдер 10,6 млрд теңгеден 91,3 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.