Гонконгтың флагмандық Cathay Pacific әуекомпаниясы жиырма рейсті тоқтатты. Сондай-ақ Швейцарияға ұшу кезінде ұшақтардың бірінің қозғалтқышынан ақаулар пайда болған соң, Airbus 350 лайнерлерінің ұшуын тоқтатуға мәжбүр болды. Соның салдарынан қозғалтқышты өндіруші Rolls-Royce пен Airbus компаниясының акциялары еуропалық сауда-саттықта төмендеді.
Толығырақ
Гонконгтың Cathay Pacific әуе компаниясы 2 қыркүйек күні кешке өзіне тиесілі 48 Airbus 350 ұшағының барлығын тексеріп жатқанын және 24 рейстен бас тартқанын хабарлады деп жазды The Wall Street Journal. Компания A350 лайнеріндегі «қозғалтқыш компоненті істен шыққаннан» кейін осындай қадамға барды. Ұшақ Цюрихті бетке алған-ды, бірақ бұзылуына байланысты Гонконгқа қайта оралуға тура келді. Cathay Pacific бұл A350 бойынша әлемдегі алғашқы бас тарту екенін айтты. Әуекомпаниясы компоненттің қайсысы туралы екенін ашып айтпады.
A350 лайнерлеріне арналған қозғалтқыштардың жалғыз жеткізушісі – Rolls-Royce компаниясының акциялары Лондонда 6,5%-ға төмендеді. Ал Airbus акциялары 1,6%-ға арзандады.
Cathay Pacific – A350 ұшақтарының ең ірі операторларының бірі. 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша Гонконг әуекомпаниясының паркінде 181 Airbus және Boeing лайнері болды, олардың 167-сі – кең фюзеляжды. Financial Times-тің жазуынша, 48-і рейстерді тоқтатылуы жолаушылардың алдағы күндері рейстердің кешігуі мен тоқтатылуына тап болатынын көрсетеді.
Контекст
Ақаудың себебі әлі белгісіз болса да, саладағы топ-менеджерлер әуекомпанияларға қымбатқа түсетін қозғалтқыштарға қатысты проблемалардан кейін жағдайды мұқият бақылайтын болады. Өткен қыркүйекте америкалық Pratt & Whitney өндірушісі 2023-2026 жылдар аралығында 600-700 қозғалтқышты қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Бұл жылына орта есеппен 350 ұшақты қатардан шығарады.
Сол жылдың жазында компания «Airbus лайнерлеріндегі кейбір PW1100G-JM қозғалтқыштары оларды өндіру үшін пайдаланылатын ұнтақ металдағы ластаушы заттардың салдарынан техникалық қызмет көрсетуге ерте жіберілуі керек» деп хабарлады. Қозғалтқышты A320neo тар фюзеляждан шығарғаннан кейін ұшақтың қызметке оралуы орта есеппен 250-300 күнді алады, деп жазды FT.
Акциялардың жайы
2 қыркүйекте Jefferies сарапшысы Хлои Лемари Airbus акциялары үшін «сатып алу» рейтингін растады және қағаз үшін 160 еуро мақсатты бағасын сақтап қалды. FactSet мәліметтері бойынша, Airbus-қа қатысты 23 сарапшының консенсус рейтингі әлі де «нарықтан жоғары». Олардың 18-і еуропалық әуекомпанияның акцияларын сатып алуды, төртеуі ұстап тұруды және біреуі ғана сатуды ұсынды.