«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы 111 желісінің байланыс орталығы болып бекітілді

Жарияланды 3 Қыркүйек 2024 09:37

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: shutterstock.com

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «111» желісінің байланыс орталығы болып белгіленді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы бұйрығы 13 қыркүйекте өз күшіне енеді.

Министр Жаслан Мәдиевтің қолы қойылған бұйрық «Неке туралы» заңға сәйкес қабылданған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «111» байланыс орталығы болып белгіленсін», – делінген құжатта.

Қаулы жарияланғаннан күннен бастап 10 күн ішінде өз күшіне енеді.

«111» байланыс орталығы – отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жан-жақты көмек көрсету үшін ашылған. Ол мемлекеттік деңгейде жұмыс істейді деп жоспарланған.

Егер кішкентай баланың қараусыз қалғанын, оған қауіп төніп тұрғанын байқасаңыз, балаға немесе әйелге қатыгездік, зорлық-зомбылық көрсету, құқықтарының бұзылуы мүмкін екенін білсеңіз, 111 нөміріне хабарласуға болады. Желі балалар, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты бүкіл мәселе бойынша өтініш қабылдайды.

Байланыс желісі тәулік бойы жұмыс істейді және құпиялылықты сақтайды. Өңірлердің ішкі істер департаментімен және жедел топтармен тәулік бойы байланыста.

Сондай-ақ оқыңыз