«Астана» футбол клубының ойынына байланысты белоруссиялық әнші Макс Корж Алматыдағы концертін өткізбейтін болды

Жарияланды 3 Қыркүйек 2024 14:54

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Макс Корж Алматыдағы концертін өткізбейтін болды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Астана» футбол клубының ойынына байланысты белоруссиялық әнші Макс Корждың Алматыдағы концерті өтпейтін болды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Алматыда кездесу өте керемет идея еді. Концертке келушілер санының көптігін де көріп отырмыз. Өкінішке қарай, аяқ асты футболға байланысты концертімізді өткізе алмаймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Келесі жылы міндетті түрде кездесеміз!», – деді әнші өз Instagram парақшасында

Макс Корж Алматыдағы концертін 5 қазан күні Алматының орталық стадионында өткізуді жоспарлаған еді. Алайда 1 қыркүйек күні «Астана» футбол клубының Конференция лигасы аясындағы өткізетін ойындарының күнтізбесі жарияланды. 3 қазан күні «Астана» Алматының орталық стадионында сербиялық «Бачка-Топола» командасын қабылдайды.

Айта кетейік, Макс Корж — Беларусьтің танымал әншісі. Посткеңестік елдерде кеңінен танымал және оның концерттері әдетте аншлагпен өтеді. Ол жас буынның арасында үлкен қолдауға ие және өзіндік ерекше орындау мәнерімен ерекшеленеді. Корждың музыкасы әртүрлі жанрларды қамтиды, соның ішінде рэп, хип-хоп, электроника және поп-музыка. Оның ең танымал әндерінің қатарына «Жить в кайф», «Малый повзрослел», «Оптимист», «Стань» және басқа да хиттер кіреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана» – «Челси» ойыны да 12 желтоқсан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтетіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз