Astana Motors Астана, Алматы және Шымкентте 250 электромобиль зарядтау станциясын салады
Astana Motors 2028 жылға дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында электромобильдерге арналған 250 зарядтау станциясының құрылысына 12 млн доллар инвестициялайды. Бұл туралы Astana Finance Days форумында компанияның бизнесті дамыту жөніндегі директоры Ақылбек Анарбаев айтты.
Компания My Charge зарядтау станцияларын салу жобасын бастады. Оның аясында биыл 42 бекет ашу жоспарлануда. Оның төртеуі қазірдің өзінде Mega Alma-Ata және Qonaev City сауда орталықтарында, сондай-ақ әл-Фараби мен Сүйінбай даңғылындағы Hyundai дилерлік орталықтарында ашылды. Бір орталықтың жалпы қуаты 480 кВт-ты құрайды.
Жобаның техникалық серіктесі – Қытайда 523 мың терминалы бар TELD компаниясы. Astana Motors басқа да компанияларды эзарядтау станциялары желісін салуда серіктес болуға шақырады.
Сондай-ақ Елдос Абақанов әлемдегі электромобильдер мен гибридтерді (NEV) шығаратын ТОП 10 өндірушілерін атады. BYD бірінші жартыжылдықта 1,8 млн сатылыммен бірінші орында тұр. Одан кейін Tesla (947,4 мың), BMW (311,4 мың), Li Auto (254,8 мың) және тағы басқа.
Еске сала кетсек, Қазақстанда электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуда. Мәжіліс электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады. Электрокар иелері салық пен утильалымын төлемейді және басқа да артықшылықтарға ие болады.