Google жөтел арқылы ауру түрін анықтайтын жасанды интеллект жасап шығарды

Жарияланды 5 Қыркүйек 2024 10:55

(жаңартылды 5 Қыркүйек 2024 12:10)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Google жөтел арқылы ауру түрін анықтайтын жасанды интеллект жасап шығарды

Google «Health Acoustic Representations» (HeAR) деп аталатын биоакустикалық негіздегі жасанды интеллект моделін таныстырды.

Бұл модель адамдар ағзасындағы тыныс алу, жөтел сияқты дыбысты тыңдау арқылы ауру белгілерін ерте кезеңде анықтай алады. HeAR моделі 300 миллион аудио деректерінің негізінде дайындалды, ал жөтелге арналған модель шамамен 100 миллион жөтел дыбыстары арқылы оқытылды.

Зерттеушілердің айтуынша адам ағзасының жөтел, сөйлеу және тыныс алу дыбыстарында денсаулық туралы барлық ақпаратты алуға болады. Осы биоакустикалық дыбыстардағы нәзік белгілер туберкулез (ТБ) немесе созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СОӨА) сияқты ауруларды анықтаудың, бақылаудың және емдеудің жаңа жолдарын ашуы мүмкін.

HeAR моделі денсаулыққа қатысты дыбыстардағы маңызды үлгілерді тануға үйретілген, бұл медициналық салада диагноз қою жұмыстарын жеңілдететіні сөзсіз.

Google зерттеушісі Сукай Какарматтың айтуынша:

«Туберкулездің әрбір кеш анықталған жағдайы, өлімге алып келуі мүмкін. Туберкулез – емделетін ауру болғанымен, жыл сайын миллиондаған адамдардың диагнозы анықталмаған күйде қалады. HeAR акустикалық технологиялары ауруларды анықтау үдерісін жақсартуға, сондай-ақ адамдардың дер кезінде емделуіне ықпал етеді», – дейді зерттеуші.

Бұл тәсілді Біріккен Ұлттар Ұйымының StopTB серіктестігі де қолдап отыр.

«HeAR жобасы акустикалық денсаулық зерттеулеріндегі үлкен қадам болып саналады. Осы зерттеулер арқылы туберкулез, өкпе және кеуде ауруларын анықтау мен мониторинг жасаудың болашақ құралдарын дамытып, әлемдегі қоғамдастықтардың денсаулығын жақсартуға үміттенеміз»,– делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Google нейрондық желі арқылы адамдардың суреттерін жасау функциясын қайтадан іске қосқаны туралы жазған едік. Google алты айдан кейін Gemini жасанды интеллекті арқылы адамдардың суреттерін жасау функциясын іске қосады. 

Сондай-ақ оқыңыз