Жаңалықтар

Өзбекстанның ақпарат құралдары Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бұхараға барғанын хабарлады

Нұрсұлтан Назарбаев Бұхарада жүргені белгілі болды / видеодан кадр

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бұхараға барып, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Бұл туралы «Oʻzbekiston 24» телеарнасы хабарлады.

Кездесу бейресми түрде өткен. Дәл осы күні Мирзиеев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын бақылау мақсатындағы жұмыс сапармен Бұхараға барды. Ал Нұрсұлтан бұл Назарбаев қалаға «ежелгі сәулет ескерткіштерін аралау» үшін келіпті.

Шавкат Мирзеев пен Назарбаев қаланың бірнеше маңызды және көрікті орындарын аралаған. Өзбекстан ақпарат құралдарының дерегінше, Мирзеев қонағымен бірге Бұхараның тарихи-мәдени мұрасын талқылап, оның Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл аймақ үшін маңызды екеніне назар аударған.

Еске саламыз, 2024 жылдың наурыз айында Қазақстанның экс-президентін БАӘ-де жүргені ақпарат құралдарының назарына ілінген болатын. Ол кезде Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің студенттері Назарбаевпен бірге түскен суреттерін желіге жариялаған еді.

Нұрсұлтан Назарбаев 1991-2019 жылдар аралығында Қазақстан президенті болды. Қаңтар оқиғасынан кейін ол көпшілік алдына сирек шыға бастады. 2023 жылы Парламент арнайы заң қабылдап, экс-президентті Елбасы мәртебесінен айырған болатын. Сол жылы Назарбаев «Менің өмірім» атты кітабын жарыққа шығарды. Онда ол өзінің екінші әйелі бар екенін мәлімдеп, тұңғыш рет екі ұлы туралы ақпаратты ашық жариялаған болатын.