Жапондық Sharp енді электромобиль шығармақ. Бұл көлікті үй кинотеатры, балалар ойын бөлмесі ретінде пайдалануға болады

Жарияланды 9 Қыркүйек 2024 14:26

(жаңартылды 9 Қыркүйек 2024 14:43)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Sharp электромобилінің артқы орындықтары кері бұрылады / Фото: global.sharp, бильд-редактор: Артур Алескеров

Sharp 17-18 қыркүйекте Токио халықаралық форумы аясында өтетін SHARP Tech-Day’24 Innovation Showcase көрмесіне LDK+ электр көлігінің тұжырымдамалық үлгісін таныстырмақ.

Sharp компаниясының алғашқы автокөлік концепциясы басқа екі технологиялық компаниямен бірлесіп әзірленді.

Бұл ретте LDK+ – тұрақта тұрған уақытта автокөліктің ішкі бөлігі «кеңейтілген қонақ бөлме» ретінде ұлғайтылатын электрокар. Өндірушілер CE-LLM *4 және AIoT жасанды интеллект технологияларын, әртүрлі сенсорларды электрлі үйді, дәлірек айтсақ, электрлі көлік-қонақ бөлмесін жасау үшін пайдаланған.

Бұл тұжырымдамалық модельде артқы орындықтар артқа бұрылады. Есіктер жабылған кезде, жеке кеңістік жасау үшін бүйірлік терезелердегі СКД жалюзи жабылады. Жасанды интеллект көліктегі температураны бақылайды және көліктің артқы жағындағы дисплей экранының жарығын реттейді.

Бұл модельді үй кинотеатры, балаларға арналған ойын бөлмесі, сонымен қатар жұмыс кеңсесі ретінде пайдалануға болады. Үлкен экран отбасы мүшелерімен кедергісіз байланысуға мүмкіндік береді. Көлік қауіпсіз және жайлы кеңістікті қамтамасыз етеді.

Sharp EV құрылғысы батареямен және үйге қосылуға болатын күн панельдерімен жабдықталған. Ал AI үй мен электр энергиясын басқарады. Электр қуаты өшіп қалған жағдайда, мысалы, апат салдарынан батареяда сақталған электр қуатын үйге пайдалануға болады.

Бұған дейін Халықаралық энергетика агенттігі 2024 жылы электромобильдердің жаһандық сатылымы 20%-ға дейін өседі деген болжам жасаған.

Сондай-ақ оқыңыз