Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді
Жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.
«Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын», – делінген жарлықта.
Сәт Тоқпақбаев бұрынғы кездері Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Қорғаныс министрлігін басқарды. Биліктің жоғары сатыларында маңызды мемлекеттік лауазымдарды атқарды. Мәжіліс депутаты болды. Әртүрлі марапаттауларға ие.
Айта кететін, жайт, биыл қыркүйек айында генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев 85 жасқа толып отыр.