Жерге ірі маниттік дауыл жақындап келеді

Жарияланды 10 Қыркүйек 2024 08:31

(жаңартылды 10 Қыркүйек 2024 09:50)
post.authors.0.name

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
магниттік дауыл
11 қыркүйекте магниттік дауыл соғуы ықтимал / Фото: shutterstock.com

11 қыркүйек күні Жер планетасында магниттік дауыл соғуы мүмкін. Өйткені соңғы бірнеше күнде Күн ғаламшарынан бірнеше рет плазма ағыны шыққан. Күн астрономиясы зертханасының хабарлауынша, бөлінген плазманың бір шеті Жерді жанап өтуі мүмкін.

9 қыркүйекте Күннен үлкен көлемдегі плазма бөлінген. Мамандардың айтуынша, ол Жерге 50 сағат аралығында жетуі мүмкін. Соның салдарынан жерде магниттік дауыл туындайды.

«Таңертең ғарыштық коронаграфтың жұмысында үзілістер болғандықтан, плазма шыққан сәт түспей қалды. Одан кейінгі суреттерде қазірдің өзінде қалыптасқан бұлттың шамамен 800 км/с жылдамдықпен қозғалып жатқаны көрсетілген. Мұндай жылдамдықпен жылжыған масса Жерге 11 қыркүйекте жетуі ықтимал», – деп атап өтті ғалымдар.

Магниттік дауыл — Жердің магнит өрісінің күшті ұйытқуы. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылуы ықтимал. Магниттік дауыл ауа райына тәуелді адамдарға теріс әсер етіп, бас ауруы мен жалпы мазасыздық тудыруы мүмкін.

Бұған дейін 31 шілде маниттік дауыл болған. Ол Жер бетінде техниканың дұрыс жұмыс істемеуіне және күннің ысуына алып келді.

Сондай-ақ оқыңыз