Жаңалықтар

ҰҚК Таразда оқ-дәрі сатқан полицей ұсталғанын хабарлады

Таразда полиция сержанты ұсталды/ коллаж kursiv.media

Таразда әскери-химиялық қойма меңгерушісі пара алған жерінен ұсталды.

1999 жылы туған полиция сержанты Э. Амангелді Калашников автоматының 1020 дана патронын сатқан. Оның үйінен тағы 120 оқ-дәрі тәркіленді.

Ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады

«Оған қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде қызметкер ішкі істер органында белгілі себептерге байланысты жұмыстан босатылды. Оның басшыларына қатысты ішкі аудит жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жыл басынан бері 95 полиция қызметкері жемқорлық үшін сотталған. Олардың 80%-ы ҚР Қылмыстық кодексінің «Пара алу» және «Алаяқтық» баптары бойынша жазаға тартылған.