Toyota Corolla-ның жаңа нұсқасын сынақтан өткізуде. Оның басты ерекшелігі неде?

Жарияланды 11 Қыркүйек 2024 13:03

(жаңартылды 11 Қыркүйек 2024 13:15)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Toyota Corolla 2023 жылы Tesla Model Y-тан кейін ең көп сатылған модель / Коллаж: kursiv.media және toyota.com, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Фотографтар Еуропада сынақтан өткізіліп жатқан Toyota GR Corolla прототипін суретке түсіріп алды. Оның алдыңғы жағы жабық болғанымен бірден байқалатын өзгеріс – сенсорлардың жоқтығы деп жазады Carscoops.com.

Бұл ақпарат Corolla-ның арнайы моделіне қатысты. Көліктің екі жағында желдеткіші бар. Алдыңғы қанаттары бұрынғы үлгідегі жеті жолақтың орнына екі көлденең жолағы бар үлкенірек бүйірлік желдеткіштермен біріктірілген.

Көлік прототипінің жоғарғы бөлігі карбоннан жасалуы мүмкін. Үлкен артқы қанаты GR Corolla-ның Circuit Edition нұсқасына ұқсайды.

Жалпы модель туралы мәлімет аз, бірақ ол алдын ала GRMN Corolla деп аталды. Үш цилиндрлі қозғалтқыш жаңа сегіз сатылы автоматты беріліс қорабымен, сондай-ақ алты сатылы механикалық беріліс қорабымен біріктіріледі деп күтілуде. GR Corolla-ға 300 ат күші бар турбокомпрессорлы 1,6 литрлік қозғалтқыш орнатылуы да мүмкін.

Statista мәліметтері бойынша, Toyota Corolla 2023 жылы Tesla Model Y-тан кейін ең көп сатылған модель болды. Көлік сатып алушылар өткен жылы миллионнан астам Toyota Corolla моделін сатып алды. 2021 жылдың тамызында оның 150 елде жалпы сатылымы 50 млн-нан асты.

Бұған дейін соңғы үлгідегі Toyota Camry 80 АҚШ-та, Қытайда және Еуропада сатыла бастады. Кейін ол Таяу Шығысқа жетті. БАӘ-де тоғызыншы буын көлігінің сатылымы басталды.

Қазақстандықтардың сүйікті Toyota Camry-ін өзге үш бренд басып озды. 

Сондай-ақ оқыңыз