Конституциялық сот төрелік туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруді ұсынды
Конституциялық сот төрелік туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруді ұсынды. Бұған К. есімді қазақстандықтың өтініші ықпал еткен.
«Конституциялық cот азаматтың «Төрелік туралы» Заңның 52-бабы 3-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарап, көрсетілген норманы Конституцияға сәйкес деп таныды», – деп жазылған хабарламада.
Алайда осы тұста Конституциялық cот бұл заң нормасының заңдық дәлдігі мен болжамдылығына қатысты құқықтық актілерге қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаған. Конституциялық бақылау органы өзінің қорытынды шешімінде заңдардың нормалары жеткілікті дәрежеде айқындалмағанын растады. Яғни мұндай құжаттарда азаматтардың заңды өз бетінше түсіндіру мүмкіндігін болдырмауы керек.
«Ол түсінікті өлшемдерге негізделуі тиіс. Осыған байланысты Үкіметке қаралған заңнамалық актілердің нормаларының құқықтық анықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында «Төрелік туралы» заңнаманы одан әрі жетілдіру туралы мәселені қарауды ұсынды», – деп хабарлады ҚР Конституциялық cоты.
Еске сала кетсек, Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимова жеті заңның ережелері және Жоғарғы соттың бір нормативтік қаулысы Конституциялық нормаға сай келмейтінін айтқан.
Конституцялық сот «Неке және отбасы» туралы заңдағы ер адам құқын шектейтін нормаларды түзетті.