TF International Securities сарапшысы Мин-Чи Куон Apple акциялары дүйсенбі, 16 қыркүйек күні алдын ала саудада 2%-ға төмендегенін айтты.
Алдын ала тапсырыс бойынша бірінші демалыс күніндегі iPhone 16 сатылымы шамамен 37 миллион дана болды. Былтырғы iPhone 15 көрсеткішімен салыстырғанда, 12,7%-ға төмен.
Сарапшы бұған iPhone 16 Pro үлгісіне сұраныстың төмендеуі себеп болды деп есептейді. Яғни екі фактор кедергі болғанын нақтылады:
- Apple Intelligence қосылуының кідіруі;
- Қытай нарығындағы бәсекенің күшеюі.
Дегенмен Investing жорамалы бойынша iPhone 16 Pro сатылымы алдағы уақытта жаңа деңгейге шығуы мүмкін. Оған Apple Intelligence-нің қолданысқа енуі және жеңілдік сыйлайтын акциялар әсер етеді.
16 қыркүйекте Jefferies және Citi сарапшылары Apple-дің iPhone 16-ға деген бастапқы сұраныс көңіл көншітпейтінін айтты. Тұтынушылар тауарды сатып алуға былтырғыдай құлшына қоймаған.
Jefferies Phone 16 Pro Max моделі Қытайда тез сатылып жатқанын, ал АҚШ-та сұраныс әлсірегенін айтты.
Citi талдауы да осыған ұқсас. Банк бірнеше нарық бойынша жеткізу уақытын бақылап отырды.
Citi сарапшылары тұтынушылар Pro Max үлгілерін өте ұзақ күткенін айтты.
Дегенмен олар iPhone 16 модельдерін жеткізу мерзімі өткен жылғы iPhone 15 шығарылымымен салыстырғанда орта есеппен аптасына қысқа екенін атап өтті.
Apple акциялары сәрсенбі, 10 шілдеде 1,5%-ға қымбаттап, 232 долларға жетіп рекорд орнатты. Сондықтан компанияның капиталдануы алғаш рет 3,545 трлн долларға барды. iPhone өндіруші 3 трлн доллар нарықтық құнға 2023 жылдың 14 желтоқсанында жеткен болатын. 2024 жылдың басынан бері қағаздары 20%-ға өсті.
Екінші тоқсанда Apple компаниясының Қытайдағы сатылымы күтілген межеден төмендеді. Бұл жалпы оптимистік нәтижелерге, соның ішінде жаңа iPad-тың рекордтық сатылымына көлеңке түсірді. Бірақ осы жолы компанияның кірісі 5%-ға өсті. 1 тамыз күні кешке Apple акциялары постмаркетте 0,6%-ға артты.
2024 жылдың қыркүйектің 9-ында АҚШ-та Apple компаниясы гаджеттерінің жаңа нұсқасын таныстырды. Оның ішінде iPhone 16 смартфоны бар. Компания смартфондардың жаңа желісін – iPhone және оның Plus, Pro және Pro Max нұсқаларын ұсынды. Қыркүйекте шығарылатын iOS 18-дегі жаңалықтар және Apple Intelligence – AI негізінде компания технологиясының жаңа функциялары жұмыс істейді.