Жаңалықтар

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығындағы жасырын фото камераға сирек кездесетін барыс түрі түсіп қалған

Алабарыс жойылып кетудің аз алдында тұрған жыртқыш түрі / Фото: gov.kz

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығындағы жасырын фото камераға сирек кездесетін барыс түрі түсіп қалды. Бұл жайлы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.

Алабарыс – халықаралық табиғатты қорғау одағының критерийлері бойынша жойылып кетудің аз алдында тұр. Бұл жыртқышты ғалымдар 2021 жылы Қазақстан Республикасының Сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер тізіміне кіргізген. Сонымен бірге бұл жануар Қазақстанның Қызыл кітабына да енгізілген.

Бұл жыртқыштың басқа қабыландар мен барыстардан айырмашылығы оның терісінің түсі тіршілік ететін аймаққа сай өзгеріп отырады. Алабарыстардың ерекшелігі түсінде. Олардың терісі ашықтау күңгірт түске ие. Осылайша жыртқыш өзі тіршілік ететін аймаққа бейімделіп, түсі құрғақ әрі тасты ландшафттармен жақсырақ үйлеседі. Сарапшылар пікірінше аймаққа сай бейімделген табиғи камуфляж оларға олжасын аңдыған кезде қоршаған ортамен үйлесіп, тиімді жасырынуына көмектеседі.

Еске сала кетсек, экологтар жойылып кеткен Балқаш жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіруге тырысып жатыр. 2026 жылы мамандар Іле-Балқаш резерватында Ресейден Амур жолбарыстарын жеткізеді.

Осыған орай 2021-2024 жылдар аралығында жыртқышқа арнайы тіршілік етететін ортасы дайындалады. Тамызда министрлік Іле-Балқаш резерватында Ресейден әкелінетін жолбарыстарды жерсіндіру үшін арнайы қоршау салынып жатқанын хабарлаған болатын.