Lifestyle

Футзал-2024: Қазақстан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шықты

Футзал-2024: Қазақстан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шықты / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Өзбекстандағы футзалдан Әлем чемпионатында топтық кезеңнің екінші турындағы матчтар аяқталды. Қазақстан плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шықты.

Қазақстан құрамасы D квартетінде 4 ұпай жинаған. Испанияда да 4, Ливияда 3, Жаңа Зеландияда 0 ұпай.

Ұлттық құраманың үшінші орыннан төмен түспейтіні анық. Жаңа Зеландиямен ойынның нәтижесі қандай болғанына қарамастан, плей-офф  кезеңге өте алады. Алдағы ойында жеңілген жағдайдың өзінде үшінші орынға ие болған командалар қатарында алғашқы орынды алады. Қазір олардың рейтингі мынадай: Украина мен Ливия – 3 ұпай, Коста-Рика — 1, Тәжікстан, Гватемала және Хорватия – 0 ұпай. Осылайша жеңілген күннің өзінде үшінші орындағы үздік команда ретінде плей-оффқа шығу мүмкіндігі бар.

Егер Қазақстан өз тобында екінші орынды сақтап қалса, E тобындағы Португалия немесе Марокко ойынының жеңімпазымен бақ сынасады.

Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айының соңында Қазақстан Футзал құрамасы ӘЧ-2024 элиталық кезеңін жеңіспен аяқтап, барлық қарсыласынан басым түскен.