Испандық «Атлетико Мадрид» клубы Қазақстанда футбол академиясын салады

Жарияланды 20 Қыркүйек 2024 15:51

(жаңартылды 20 Қыркүйек 2024 17:20)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Атлетико Мадрид» Қазақстанда футбол академиясын салады / Фото: EFEcomunica, коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан мен испандық «Атлетико Мадрид» футбол клубы Алматы облысының Талғар ауданында футбол мектебін құру туралы келісімге қол қойды деп хабарлайды испандық EFEcomunica басылымы.

Он жылға арналған келісімге «Атлетиконың» бас директоры Мигель Анхель Хил Марин, сондай-ақ қазақстандық тараптан Шалқар Нұртлеов (Doscar Group) пен Фаррух Охонов (Sport Asset Management) қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі Испаниядағы Қазақстан елшісі Данат Мусаевтың қатысуымен өтті.

Испандық EFE Comunica басылымының мәліметі бойынша, жаңа футбол мектебінің инфрақұрылымы Мадридтегі «Атлетико» академиясына ұқсас болады. Онда табиғи шөпті стадион, бес жасанды алаң және мыңнан астам балаға арналған жаттығу нысандары салынады. Қазақстандағы мектептің ашылуы 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, жоба 2024 жылдың маусым айында «Атлетико» делегациясының Қазақстанға сапары кезінде басталған. Сол кезде клуб президенті Энрике Сересо бастаған делегация Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстан Футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұловпен кездескен еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев Алматыда тағы бір футбол клубын ашуды жоспарлап отырғанын жазған едік.

Жаңа клуб өз алаңындағы матчтарын «Қайрат» академиясы нысандарының бірінде өткізеді. Ал клубтың бас директоры қызметін «Қайраттың» экс-директоры, қазір Player Сareer Management футбол агенттігінің басшысы Баймұханов Марат Бүркітұлы атқарады

Сондай-ақ оқыңыз