«Әл-Қаида» содырлары Мали астанасында лаңкестік жасады: 70-ке жуық адам қаза тапқан

Жарияланды
Мали астанасында лаңкестік жасалды / Фото: kursiv.media

Бейсенбі, 19 қыркүйекте «әл-Қаида» террорлық ұйымы Мали астанасында лаңкестік жасаған. Бұл туралы Reuters басылымы хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, «әл-Қаида» ұйымы Мали астанасындағы элиталы полиция академиясына және әуежайға шабуыл жасаған. Бұл террорлық «рэкет салдарынан 70-ке жуық адам қаза тапқаны жөнінде хабарлаған. Адам шығыны бұдан да көп болуы мүмкін. Қаза тапқандар саны әлі де нақтыланбаған.

Агенттік Малиде істейтін дипломаттардан елдегі жағдай туралы сұраған. Олар нақты қаза тапқан саны 100-ге жетуі мүмкін екенін айтқан.

Айта кетейік, бұл елде жағдай тұрақты емес. Елдің солтүстігінде халық ереуілдеп, 10 жылдан бері шиеленісіп келеді. Ішкі шиеленіс салдарынан мыңдаған адам қаза тауып, миллиондаған адам босқынға айналды. Мали азаматтары «Әл-Қаидамен» және «Ислам мемлекетімен» байланысып, алауыздық артты. Террорлық әрекеттер жиілеп кетті.

Мали астанасында болған лаңкестік әрекетті «әл-Қаиданың» филиалы саналатын «Джамаах Нусрат ул-Ислам уа әл-Муслимин» (JNIM) ұйымы өз мойнына алған.

Мали басылымдарының хабарлауынша, полиция академиясының 50-ге жуық курсанты қаза тапқан.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев отандық басылымға берген сұхбатында екі лаңкестік шабуылдың жолы кесілгенін айтқан болатын. Лаңкестер Ақтауда мемлекеттік мекемелердің бірін жарып жібермек болған.

Сондай-ақ оқыңыз