Жаңалықтар

Алматыда тағы бір оқушы қыз 13-қабаттан құлап қайтыс болды

16 қыркүйекте Алматыда екі оқушы терезеден құлап, көз жұмған / Архив: kursiv.media

Алматыда тағы бір жасөспірім қыз 13-қабаттан құлап қайтыс болды. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Бұл деректі Алматы қалалық полиция департаменті растады.

«Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу амалдары басталды.

Бұған дейін Алматыда екі оқушы терезеден құлап қайтыс болған. Куәгерлер тұрғын үй маңындағы асфальттан мектеп оқушыларының денелерін тапқан. Алматының полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, балалардың терезеден құлау оқиғалары артты. Мұндай факт соңғы үш жылда 1,6 есеге артқан. Мәселен, биыл 6 ай ішінде елде 223 бала терезеден құлап, оның 12-сі көз жұмған.

Денсаулық сақтау министрлігі балалар арасындағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептерін атады.