Еуропада автокөлік сатылымы кейінгі үш жылдағы ең төменгі деңгейге жетті

Жарияланды 21 Қыркүйек 2024 11:15

(жаңартылды 23 Қыркүйек 2024 12:42)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Тамыз айында автокөлік сатылымы 18,3% төмендеді / Архив: kursiv.media

Еуропадағы автокөлік сатылымы кейінгі үш жылдағы ең төменгі деңгейге жетті. Электромобильдерге сұраныс азайып, гибридтерге керісінше артты. Бұл туралы Reuters басылымы жазды.

«Еуропалық Одақ автокөлік нарығы соңғы үш жылдағы ең төменгі деңгейге төмендеді», – деп жазды басылым.

Жаңа көліктердің сатылымы тамыз айында 18,3% төмендеді. Бұл негізгі нарықтар – Германия, Франция және Италиядағы сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты.

Электромобильдерге деген қызығушылық 44%-ға дерлік төмендеді. Өндірушілер дабыл қағып, биліктен одан әрі құлдырауды тоқтату үшін шұғыл шара қолдануды талап етуде.

Электромобильдерге сұраныстың ең күрт төмендеуі тамыз айында Германияда тіркелді – 68,8%. Францияда сатылымдар үштен біріге, ал жалпы ЕО бойынша 22,3% төмендеді.

Еуропаның ірі өндірушілері айтарлықтай шығынға ұшырауда. Volkswagen көліктеріне деген сұраныс тамызда 2023 жылдың осы айымен салыстырғанда 14,8% төмен болды. Stellantis тұтынушыларының 29,5%, Renault 13,9% азайды.

Еске сала кетсек, Bloomberg Volkswagen шығындарды азайту үшін Германиядағы зауыттарын жабуы мүмкін деп хабарлаған. Әлемге әйгілі Audi зауыты жабылуы мүмкін. Сондықтан Брюссельдің 5,5 мың тұрғыны наразылық шеруіне шықты.

Сондай-ақ оқыңыз