Екі дүркін әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сүйіктісіне ұсыныс жасады

Жарияланды 23 Қыркүйек 2024 15:19

(жаңартылды 25 Қыркүйек 2024 11:51)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ризабек Айтмұхан сүйіктісіне ұсыныс жасады / Фото: Tik-Tok желісінен скрин, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан тарихындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сүйіктісіне ұсыныс жасады. Ерекше сәттің фото мен видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ризабектің анасы Гульяр Жолдасбаева Tik-Tok желісінде баласының сүйіктісіне ұсыныс жасаған видеосын жариялады. Сондай-ақ жастардың некелерін қиғанын хабарлап, басқа суреттерімен де бөлісті.

Фото: Tik-Tok желісінен

Әзірге спортшы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатында 92 килограмға дейінгі салмақта жеңімпаз атанды. Кейін ол Олимпиадалық 97 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіне ауысты. 2024 жылдың қыркүйек айының басында Ризабек 20 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионатын екінші мәрте жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыз