Президент Тоқаев ҰҚК-ның лауазымды тұлғаларын тағы да ауыстырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.
Ал Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов болса, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры Асқар Баймерденұлы Әмірханов қызметінен босатылған еді.
Бақытбек Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызмет бастығы, ал Аңсаған Балтабеков Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Ал Еркін Ботақанов Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.