Ресейде бұғатталған «Флибуста» тәуелсіз кітапхана жүйесі біржола жабылды. Бұл туралы жобаның авторы хабарлады.
«Өзім глиобластоманың жоғары мөлшерімен ауруханаға түстім. Фибустада менің кейпімді киді. Сондықтан жұмысын аяқтады», – деп жазды автор.
Ол серверге бір айға жазылған адамдардың қаржысы күйіп кетпес үшін әрі бір-екі апта жұмысын жалғастыратынын атап өтті.
«Флибуста» – 2009 жылы іске қосылған электронды кітапхана. Қазір оның қорында шамамен 630 мыңнан астам шығарма сақталған. Жоба еріктілердің күшімен жасалған. Оны техникалық қолдаушылар жалақы алмай, тегін жұмыс істеуге келіскен.
2015 жылы Роскомнадзор Рэй Брэдберидің кітаптарын заңсыз таратты деп айыптаған «Эксмо» баспасының талабы бойынша онлайн кітапхананың шетел әдебиетіне қатысты ақпараттарын бұғаттаған.
2016 жылы Мәскеу қалалық соты кітапхана ресурсын толыққанды бұғаттау туралы шешім шығарған. Бұған дейін жоба веб-сайтқа кірмей-ақ электронды форматта кітаптарды жүктеуге мүмкіндік беретін бот көмегімен істеген.