Ресейге бейресми жолмен әкелінген Zeekr көліктері бұғатталды

Жарияланды 24 Қыркүйек 2024 15:43

(жаңартылды 24 Қыркүйек 2024 15:57)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Бұған дейін осындай шектеу Қазақстандағы аталған бренд көліктеріне енгізілген / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ресейге ресми диллердің қатысуынсыз әкелінген Zeekr электр көліктері қашықтан бұғатталады. Қытайлық бренд «сұр» тасымалдаушылардың осылай жолын кесуге ниетті.

Қытайдың ішкі нарығында сатуға арналған, бірақ қайта саудалау мақсатында басқа мемлекеттердің аумақтарына экспортталған электромобильдер бұғатталмақ. Бұл ретте ресейлік сарапшылар мәселені шешудің жолын тапқанын хабарлады.

«2024 жылдың шілде айының ортасынан кейін шығарылған электромобильдер қашықтан бұғатталады», – деп хабарлады Zeekr өкілдері.

Компания көліктерін геолокация бойынша бақылайды. Мамандар көліктердің келісімшартта көрсетілген қызмет көрсету аймағынан тыс екенін анықтаса, орталық дисплей сөндіріледі. Содан кейін олар электромобильдерді Қытайға қайтаруды ұсынады. Бұған қоса, бейресми өндірушілердің SIM карталары орнатылған автоларға да шектеу енгізілмек.

Ресейлік дилерлер мәселенің шешімін тауып үлгерді. Сарапшылар электромобильдердің иелеріне 350 мың теңгеге (75 мың рубль) арнайы басқару блогын сатып алуды ұсынды, ол автомобильді Zeekr мастер-шотынан ажыратады. Алайда бұл әдіс қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

Еске сала кетсек, бұған дейін осындай шектеу Қазақстандағы аталған бренд көліктеріне енгізілген.

Сондай-ақ оқыңыз