Жаңалықтар

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады?

Қазан айында неше күн демаламыз? / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандықтар қазан айында 9 күн демалады. Демалыс күндерінің 8 күні сенбі-жексенбіге түседі. Ал 25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күн жұмаға түсіп, қазақстандықтар үшін қатарынан үш күн демалыс күні болмақ.

Алайда 6 күндік жұмыс кестесімен істейтін азаматтар жұма күні демалып, сенбі жұмысқа шығады.

Айта кетейік, 2024 жыл 366 күн. Оның 249-ы жұмыс күнімен 117-і демалыс күнімен өтеді. Ең көп демалыс наурызда айында болды. Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесінің күндерін қосқанда 14 күн демалыс шықты. Яғни айдың тең жартысы демалыспен өтті. Ал ең аз демалыс күндері де өтіп кетті. Ол сәуір айына түскен. Ол айда қазақстандықтар небәрі 8 күн ғана демалды. Қалған айлардағы демалыс күндеріне тоқталар болсақ, қыркүйекте мереке болмайды. Ол айда күнтізбелік 22 жұмыс күні, 9 демалыс күні бар.

Қарашада 9 демалыс күнімен 21 жұмыс күні бар.

Жыл аяғы желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай 3 күн демалыс беріледі. Жалпы бұл айда 21 жұмыс күні болса, қалған 11 күні демалыспен өтпек.