Жаңалықтар

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ал Нұртас Дәулетұлы Қабақов Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Мұның алдында Президент Тоқаев ҰҚК лауазымды қызметкерлері арасында ауыс-түйіс жасаған еді.