Өзбекстан шахматтан олимпиада жүлдегерлеріне ақшалай сыйлық пен көлік сыйлады

Жарияланды 25 Қыркүйек 2024 09:56

(жаңартылды 25 Қыркүйек 2024 10:43)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Өзбекстан шахматшыларына көлік сыйлады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Өзбекстан шахмат олимпиадасында қола медаль еншілеген спортшыларға бағалы сыйлықтар табыс етті. Бұл туралы UzNews хабарлады.

Өзбекстандық басылымның хабарлауынша, Ташкенттің халықаралық әуежайында Будапешт қаласында өткен 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысқан өзбек делегациясын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қарсы алу рәсімі барысында қола медаль иегерлеріне президент атынан сыйлықтар табысталды. Оларға BYD Chazor маркалы автокөліктің кілттері мен 170 миллион сум көлемінде ақшалай сыйақы берілді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы екі жылда бір рет өткізіледі. Келесі, 46-шы олимпиада 2026 жылы Өзбекстанда өтеді.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Олимпиаданың соңғы ойындарында құрама АҚШ пен Польшаны жеңіп, Үндістаннан бір ұпай ғана артта қалды.

Сондай-ақ оқыңыз