Жаңалықтар

Қазақстанда сотталғандар айына 250 мың теңгеге дейін табыс таба алады

Қазақстанда сотталғандар айына 250 мың теңгеге дейін табыс таба алады / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Қазақстанда түзеу мекемесінде сотталған азаматтар айына 250 мың теңгеге дейін табыс таба алады. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесінің «Курсивтің» ресми сауалына берген жауабында жазылған.

Қамауда отырған 23 655 еңбекке қабілетті сотталғандардың 12 178 немесе 51,5%-ы жұмысқа орналасқан. Жалақы көрсеткіштері жұмысқа байланысты 25 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейінға арада.

Ақпаратқа сүйенсек, сотталған азаматтарды күнделікті қамтуға күніне орташа есеппен 2 654 теңге кетеді. Бұл қаржыға тамақ, киім-кешек мүлкі, төсек-орын жабдықтары, гигиена құралдары, коммуналдық қызметтер, жол шығындары өтеледі. Бұдан бөлек, бір сотталған адамды түрмеде ұстауға айына – 7 502 теңге жұмсалады. Яғни еңбекақы төлеу, біліктілігін арттыру, кеңсе тауарлары, коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, жөндеу жұмыстарына жұмсалатын қаржы.

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару комитеті бас бостандығынан айырылған адамдардың түрмеден кейінгі өмірге бейімделуін көздейтін арнайы құжат дайындаған.

Құжатқа сәйкес түрме әкімшілігі сотталғандардың түзелуі мақсатында оның қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруіне ықпал етеді. Тәртіптің жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен құқық нормалары негізінде қоғамда өз бетінше өмір сүруіне оралуына көмектеседі.