Астана қаласында Beeline дұрыс істемей жатыр. Бұл туралы мобильді оператор өзінің парақшасында жариялады.
Қала тұрығындары күннің алғашқы жартысында интернеттің нашар жұмыс істеп жатқанына шағымданды.
Beeline компаниясы бұл оқиғаға қатысты дереу түсініктеме беріп, мамандар тобы ақауды жою бойынша жедел жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта ақаудың нақты себебі анықталуда және компания 24 сағаттық мониторинг жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.
Beeline компаниясы абоненттерге қолайсыздық үшін кешірім сұрап, жақын арада қызметтердің қалыпқа келтірілетініне сендірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен eGov қызметтерінде ақау болған еді.