Машкевич пен Шодиевке тиесілі ENRC The Guardian таққан айыптарға қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланды
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Машкевич пен Шодиевке тиесілі ENRC The Guardian басылымының «Оңтүстік Африкадағы геолог Андре Беккердің өліміне осы компанияның қатысы болуы мүмкін және алаяқтық жолмен конгониге байланысты құны 295 млн долларлық мәміле жасады» деген айыптарды терістеп, арнайы мәлімдеме жасады.

Компанияның хабарлауынша, автор Том Берджис компания мен оның акционерлеріне жалған, негізсіз айыптар таққан.   

ENRC-тің тұжырымынша, бұл материалда ешқандай жаңалық жоқ. Компанияға тергеу кезінде он жыл бойы шүйліккен бұрынғы авторлардың дүдәмал пікірлерін теріп шыққан. «Сенімсіз ақпарат көздерінің ақпараттарын берген».

ENRC: «Бастапқыда-ақ қателік болды»

Мәлімдемеге сенсек, макала авторы Берджис осы материал бойынша компания өкілдерін кездесуге шақырған. Бірақ олар бұдан үзілді-кесілді бас тартыпты. Онысы дұрыс болғанын жазады.

«SFO тергеуі бастапқыда-ақ қателік болды. 2023 жылы желтоқсан айында судья Ваксман қаулы шығарғандай, Джеррард пен SFO аға офицерлері арасында ауызжаласу болмағанда, ENRC үстінен тергеу басталмас та еді», – дейді компания баспасөз қызметі.

ENRC өкілдерінің пікірінше, Клемент Джексон компанияға бұрыннан алауыздығы бар адам.

«The Guardian-да мақала жарияланғанға дейін де Джексон «ақша төлемесеңдер, қиындық туғызамын» деп ENRC-ге қоқан-лоқы жасаған. Компания оған көнбеді», – делінген мәлімдемеде.

The Guardian геологтың жұмбақ өлімі тегін емес екенін меңзейді

The Guardian мұның алдында «Олигархтар қалай британдық алаяқтыққа қарсы күрес бөліміне қарсы тұрып, жеңіп шықты?» деген тақырыппен 9000 сөзден тұратын ауқымды материал жариялаған-ды. Онда Оңтүстік Африкадағы бір геологтың жұмбақ өліміне еуразиялық «үштік» Александр Машкевич, Патох Шодиевтың қатысы болуы ықтимал екені айтылған.

Мақала желісіне аз-кем тоқталсақ, Андре Беккер атты геолог 2016 жылы 28 қазанда Йоханнесбург көшелерінің бірінде өзінің ақ түсті Audi Quattro көлігінің ішінде өртеніп кеткен. Өрт сөнгенде оның күйік шалған денесі артқы есікте сүйенген күйі табылған. Жұмбақ өлімнің құпиясын ашпақ болған дедектив Климент Джексон «марқұм өзіне-өзі қол салмаған» деп тұжырымға келіпті. Түрлі нұсқаларды қарастырғанымен, жұмбақ қылмыстың сырын аша алмайды.

2016 жылы дедективті өзі ұзақ уақыттан бері білетін құпия дерек көзі кездесуге шақырып, қағазға әлдебір халықаралық тау-кен корпорациясының схемасын түсіріп, төрт әріп жазған: ENRC.

295 млн долларлық мәміле – алушының ізі жоқ

Джексонның дерек көзі Африкадағы ENRC жасаған мәміле туралы баяндап береді. Бұл компания 2011 жылы Оңтүстік Африкадағы Конгони деп аталатын марганец кәсібін сатып алады. Бағасы 295 млн доллар болған. Мұны зерттеген геолог Андре Беккер «ол тым шалғайда орналасқан әрі оны өндіру де қиын шаруа, сатылған бағасына мүлде сай емес» деп айтып жүрген.

Джексон тау-кен өндірісіндегі қатысы бар таныстарын пайдаланып, Конгони мәмілесі туралы көп нәрсені сұрап біледі. Ол мұны алаяқтық деп бағалаған. Мәміле жасалғаннан кейін Конгони құны екі жылдан кейін 295 миллион доллар емес, нөлге тең болған. Беккер өз саласындағыларға конгонидің бағасы мұндай тұрмайтынын, екі есе арзан екенін айтқан.

Автордың пікірінше, бұл жерде тағы да бір жұмбақ жайт кездеседі. Конгонидің ENRC кімнен сатып алғаны белгісіз болып шыққан. Ешкім білмейтін офшордағы компанияның атынан басқа, шоттарда 295 млн долларды кімнің алғаны көрсетілмеген. Оның нақты дәлелі болмаса да, Джексон британиялық бағдарламаланған логикалық бақылаушы – PLC-тен жымын білдірмей ақша алу схемасы деп күдіктенген.

Одан кейін  Guardian ENRC пен британиялық қаржы қылмысымен күрес агенттігінің арасындағы он жылға созылған текетірестің егжей-тегжейіне тоқталыпты.

ENRC қарсыластарын сотта жеңіп жатыр

Мұның алдында ENRC пен Ұлыбританияның Экономикалық қылмыстарға қарсы қызметі (Serious Fraud Office – SFO), Dechert заңгерлерлік фирмасы және бұрынғы серіктес Нил Джеррард арасында ұзаққа созылған текетірес жайында жазғанбыз.

Айта кететін жайт, 2022 мамыр айында Жоғары сот судьясы Ваксман ENR-тің пайдасына шешім қабылдаған. 2023 жылғы желтоқсан айындағы Жоғары соттың шешімі бойынша ENRC-ке қатысты қылмыстық тергеу тоқтатылған-ды. Компания өтемақы ретінде SFO-дан 70 млн фунт стерлинг, ал Нил Джеррардтан 100 млн фунт стерлинг талап етіп отыр.

Сондай-ақ ENRC осы іс жөнінде мақала жазған бірқатар журналистермен, кітап шығарған баспа үйлерімен және авторлармен де соттасқан.

Дерек пен дәйек

ENRC-тің негізін қалаушылар – Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев. Сондай-ақ Қазақстан үкіметінің үлесі бар. Қазақстанда «Қазхром», «Соколов-Сарбай» тау-кен байыту өндірістік бірлестігі, Қазақстан алюминийі, электролиз зауыты, Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы, «Шұбаркөл», «ТрансКом» және тағы да басқа активтерге иелік етеді.

ERG компаниясы болса, осы мақалаға қатысты пікір білдіруден бас тартып, ENRC-тің Ұлыбританияда тіркелген компания екенін алға тартты. Десе де, бұл екеуінің ортақ байланысы жоқ емес. Мәселен, Eurasian Resources Group компаниясы құрылып, ENRC корпорациясының акцияларын сатып алған болатын. ENRC PLC енді ENRC LTD болып қайта құрылды.

ERG иелеріне келсек, қаржы министрлігі – 40%, Александр Машкевич және Ибрагимовтар отбасы (марқұм Алиджан Ибрагимовтың жұбайы Мукадасхан Ибрагимова және төрт ұлы Достан, Даврон, Шухрат и Фурхат) – әрқайысы 20,7%-дан, Патох Шодиев – 18,6%.

Сондай-ақ оқыңыз