ДСМ Қазақстанда жаңа тұмау штаммдары таралуы мүмкін екенін ескертеді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстандықтарды тұмаудың қандай штаммдары күтіп тұр? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Алдағы қыс мезгілінде Қазақстанда «шошқа тұмауы» (H1N1pdm09) және «Гонконг тұмауы» (H3N2) штаммдары және А, В типті тұмау вирустары кең таралуы мүмкін. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елімізде жедел респираторлық-вирустық инфекцияның 544 368 мың жағдайы тіркелді. Бұл тек қыркүйек айындағы статистикалық көрсеткіш.

Ведомство қазан-сәуір айларында республикада ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылардың маусымдық  өсуі байқалатынын хабарлайды. Ақпартқа сүйенсек, жыл сайын республикада 3-4 млн адамның ЖРВИ және 2 мыңға жуық адамның тұмау жұқтыру оқиғалары тіркеледі. 

«Тұмауға қарсы вакциналардың штаммдық құрамына енгізілген А/ H1N1pdm09, H3N2 типті тұмау вирустарының және В тұмау вирусының таралуы күтілуде. Биылғы жылдың қыркүйегінде 544 368 ЖРВИ жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға төмендегені байқалады (2023 жылғы қыркүйекте 746 598 жағдай)»,- делінген хабарламада.

Министрлік тұмауға қарсы екпе науқаны басталғанын да хабарлады. Бүгінде Ресейдің «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2 207 752 дозасы сатып алынған. Бұл халықтың 11%-ын қамтуға жеткілікті. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықтың кемінде 10%-ын вакцинациялауды ұсынған. Вакцинада алдағы тұмаудың штамы бар. Бүгінде республика бойынша тұмауға қарсы 145 519 адам екпе алып үлгерген.

Ауру белгілері қандай?

Тұмау кенеттен басталып, температураның күрт көтерілуімен қатар жүреді. Ағзаның айқын интоксикациясы пайда болады, қалтырау, адинамия, бұлшық ет және бас аурулары, бүкіл дененің ауыруы, кеуде қуысынан кейін ауыратын құрғақ жөтел секілді белгілері байқалады.

Айта кетейік тұмауға қарсы екпенің 2,2 млн дозасы Ресейден әкелінеді. Оның 200 мың дозасы Алматыға, 160 мың дозасы Астанаға, 150 мың дозасы Шымкентке жеткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз